B-star.kz group

Объявление

Pics.kz

Информация о пользователе

Привет, Гость! Войдите или зарегистрируйтесь.


Вы здесь » B-star.kz group » .::Биография Групп,Рэперов:.. » Маңғыстаулық SMERCH тобы


Маңғыстаулық SMERCH тобы

Сообщений 1 страница 3 из 3

1

Маңғыстаулық SMERCH тобы

Smerch - Смерч (ҮшҚұйын) тобындағы 2 эМСи - Амангелді (Жақау) және Ханиф (mr. Хан)

Жақау - Амангелдінің руы! Тек қана ҚАЗАҚША болады!

Жақау (Смерч) атынан:

Ассалаума алейкум Қазақстан және Рэп сүйер қауым!
Мен - Амангелдi (Жақау) – Смерч тобының бас сардары, Маңғыстау облысы Жана-Өзен қаласының жергiлiктi тұрғынымын. Өз өнер жолымды 2002 жылдың күз айларында бастадым. 2004 жылдан Ханифпен (mr. Хан) бірге өз өнерімді жалғастырдым.
СМЕРЧ тобының шығу тарихы МАҢҒЫСТАУДЫҢ, ЖАҢА-ӨЗЕН қаласының климаттық, жергiлiктi шаң-тозаң, қатал табиғатына тiкелей қатысты деп айтуға болады.
ҮшҚұйын деп аталудың себебі - топ құрылған кезінде 3 МС боған: Амангелді, Қылышбек, Жұма
Бұл өнерге шабыт болған СОМ КЛАН, ДМХ топтары тiкелей қатысты. ДМХ-ның "ҚАЗАҚША Style" деген қуатты, жанды сөздерi жүрегімнен ҚАЗАҚҚА, ҚАЗАҚША Рэпке деген жүректен шабытпен жаңаша көзқарас оятты. Сол сәттен бастап ана тiлiмдi ұран қылып, ҚАЗАҚТЫҢ қара сөздерiн найзадай егiп ҚАЗАҚША стильді ту қылып қолыма ұстап үлкен өнердiң ауыр жолына аттанып кеттiм.
Сол жолда мақсаттарға армандарға ҚАЗАҚША Рэптiң шынына жетiп, ҚАЗАҚША стильдiң туын тiгу мақсатында барымызды, жанымызды салып келемiз. Көзi ашық, көкiрегi ояу ҚАЗАҚ жастарының қолдап жатырғанына қуаныштымын.
ҚАЗАҚША Рэпке, ана тiлiне қарсылық көрсетiп жатырғандарда жоқ емес. Командада ЖАҚАУ және ХАНИФ атты жiгiттер еңбектенуде. ЖАҢА-ӨЗЕННЕН бастау алған СМЕРЧ тобы осы күнде трэктердi АҚТАУДА жазамын. ҚАЗАҚСТАНДА тұрып ҚАЗАҚША стиль, ҚАЗАҚША рэптi жоққа шығару - ана тiлдiң тамырына балта шабумен бiрдей. Бiз бұган жол бере алмаймыз -  сайқымазақ фальштар СОЛАЙ!!!

Respect:
ULTIMATUM командасына, соның iшiнде жеке Фантомга. WАRNА, REAL REACH, GRIFF, West-ARS; Атыраулық - МЛАДШИЙ ЖУЗ, ЛЕГИОН; Ақтөбелiк - BFD соның iшiнде жеке Франсқа, Свободный Стиль, Анти Легал, Ансар топтарындағы iнiлерiме сыйластық пен құрмет. RNR командасына Жаңа-Өзеннен респект, Теория 7-и дней командасына соның iшiнде жеке Пирожокка, Шымкенттік - BLACK COST және соның iшiнде жеке Хазардқа Респект, ҚАЗАҚША Рэптiң дамуына өз үлесiн тигiзгенi ушiн. Тасқа салған таңбадай ризалығымды DJ MAMBO, DJ NUR & DJ ScRoM атты жiгiттерге бiлдiремiн. (Журектен кiрiп бойды алар музондарына рахмет және құрмет).
ҚАЗАҚША Рэптiң жанашырларына және тыңдармандарына айтарым, жағдай баяғы, ал қарсы болғандарға ортаңғы аяғым!

Сыйластық пен Құрмет - РЭП тыңдармандарына жане РЭП сарбаздарына!!!

увеличить

0

2

Beka-.-Hureira написал(а):

қарсы болғандарға ортаңғы аяғым!

Хахаха! Базар жоок! Курметко!

0

3

Саламалекумдер меніңде руым Жақау

0


Вы здесь » B-star.kz group » .::Биография Групп,Рэперов:.. » Маңғыстаулық SMERCH тобы